Қазақстанда өткен тәулікте тағы 442 адам коронавирус жұқтырып, 5 адам қайтыс болған. Вирус жұқтырғандардың 245-і ШҚО-да тіркелді.
Ресми дерек бойынша, 41 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Бір күнде 32 адам жазылған. Тәулік ішінде аурудың осы түрі бойынша адам өлімі тіркелмеген.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирус пневмониясынан 4 489 адам емделіп жатыр. Оның 2 420-сі стационарда, 2069-ы амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр. 150 науқастың ахуалы нашар, 15 адамның жағдайы – өте ауыр, 22 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
ДДСҰ туыстас дерттің қаупі бірдей екеніне баса назар аударса да Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен оның пневмониялық түріне екі түрлі көзқараспен қарайды. Оның анық дәлелі – КВИ+ туралы ақпараттық индикаторлар (аймақтарға таралуы, науқастардың ахуалы, оның ішіндегі стационар мен амбулаторлық бақылаудағылар саны, балалар саны, ӨЖЖА-мен тыныстап жатқандар, айыққандар, жаңа кейстер, қайтқандар) күнделікті жарияланса, ал КВИ- дерегі соңғы үш көрсеткіштен өзге мәлімет берілмейді. Ал коронавирус пневмониясының аймақтарға таралуы жөніндегі дерегі министр о баста айтқандай күнделікті не аптасына емес, енді он күнде бір-ақ берілетін болды. Оның өзінде құжат форматында сайтқа жүктеп отырады, ведомство сайтында ашық әрі түсінікті тілде талдап жарияламайды.
Қоғамда биылғы 256 мың пневмония жағдайын есепке қоспай, жалпы статистиканы шілдедегі қырғыннан кейін жүргізе бастаған Үкіметтің есебіне күмәнмен қарайтындар көбейген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі