Әдетте, Америка Құрама Штатарын қандай да бір айыптағысы келгендердің дінсіз ел ретінде атап жататынын көреміз. Бұл үлкен жаңсақ ұғым және ондағы "дінсіз" дегені көбінше "мұсылман емес" дегені болса керек. Алайда, АҚШ діншіл елдердің қатарына жатады. Статистика ел халқының 87 пайызы Құдайға сенетінін көрсетеді.
Дін америкалықтардың жеке өмірі ғана емес саясатқа да үлкен әсерін тигізіп келеді. Әсіресе, сайлау науқандарында діндердің рөлі анық көрінеді. Президент Трамптың: "О, Тәңірім, Америкаға рахым ете көр" деп жиі айтатыны да содан. Консервативтік құндылықтарды қорғаушы және түсік жасаиуға қарсы Трамп бірқатар діни ағамдардың қолдауына ие болған.
Бұған қарап АҚШ-тағы дінге сенетіндердің бәрі Трампты қолдайды деуге келмейді. Оны діншілдердің қаншасы қолдайтынын білу үшін Америкадағы діни бөліністі анықтай кетуге тура келеді.
Трамптың негізгі электораты ақ нәсілді христиандар делінеді. Ақ нәсілді христиандар болса америка қоғамындағы ең үлкен діни топ, сондықтан да Трамптың қолында үлкен "көзірі" бар дейтінде сөздер айтылады.
Gallup атты зерттеу ұйымының қорытындысын бірқатар ірі ақпарат құралдары алға тартып жатыр. АҚШ-та ең көп санда христиандар тұрады. Олардың өзі үлкен жақтан католиктер және протестанттар деп екіге бөледі. Жалпы жақтан протестанттар сан жағынан католиктерден әлде қайда көп, Трамп осы дінге сенушілер қатарында аталады, алайда олар да ішінен тармақталып түрлі шіркеулерге бөлініп кетеді. Тіпті, "ақ" және "қара" шіркеулер секілді.
"Ақ" түсті шіркеулердің 78 пайызы Трамптың тұрақты электраты деп көрсетеді америкалық зерттеу орталықтары. Осыған керісінше "Қаралардың өмірі де бағалы" деген қозғалысқа сай "Қар шіркеулердің" 90 пайызға жуығы демократтарға жақтас.
Католиктер болса АҚШ-та екінші орындағы діни топ. Сайлау құқығына ие америкалықтардың 22 пайызын түзеді. Демократтардың үміткері Байден осы діни топқа кіреді. Бірақ, зерттеу нәтижесіне қарағанда биыл католиктердің 51 пайзы ғана Байженге жақтас көрінеді. Сондықтан бұл діни топ сайлау нәтижесіне айырқша ықпал ете алмайды деген де пікір бар. Бұлармен қатар ақ тәнді католиктердің басым көбі Трампты қолдайтыны да белгілі болды.
Әдетте діншілдердің көбі Республикашылдарға жақтас болып келген, оған себеп кейбір сенімге қатысты құндылықтарда ортақтасатын тұстары бар. Сондықтан Байден үшін бұл жағы қиыншылық алып келері ықтимал. Ал, демократтарды көбінесе америкалық мұсылмандар мен иудауизм өкілдері қолдайды.
Заңдарына сай президентке үміткерлер шіркеулерде үгіт жүргізе алмайды. Бірақ, кейде бұл талаптар атқарылмай қалып жатады. Діншіл электораттарды тартуда Трамп 2016 жылдан бері басымдық көрсетіп келеді. Оның мәлімдемелерінде дінге сенетіндерге арнайы орын берліп отырады. Бірақ оның дінге қаншалық сенетіні өз алдына мәселе, бұл туралы қарапайым америкалықтар жиі пікірталасқа түсіп жатады.