Германияда коронавирусты жұқтырғандар күрт артты. Бір күнде 7 мыңнан астам адамнан вирус анықталып, антирекорд жаңарған. Осыған байланысты канцлер Ангела Меркель мәлімдеме жасады.
Deutsch Welle сайтында жарияланған үндеуінде канцлер халықты отбасылық мерекеден бас тартуға шақырып, себепсіз көшеге шықпау керектігін ескертті. Сонымен қатар Меркель мәлімдемесінде:«Вирус тез тарап жатыр. Тіпті жағдайымыз бірінші толқыннан да қиын дер едім. Алда күрделі кезең күтіп тұр. Соны сезінуіміз керек. Және өзімізге үлкен жауапкершілік жүктелуі тиіс. Мейлінше оқшау болсақ, соғұрлым індетті тежеуге өріс ашылады. Кез келген уақытты өз пайдамызға шешуіміз керек. Маған жұққан жоқ деген көңіл күйден арылып, жұқтырып алмаудың жолын іздеу керек», – деді.
Роберт Кох институты дертке шалдыққандар күніне 10 мыңнан асса, кей аймақтар карантинге жабылатынын айтты. Әзірге билік карантин шектеулерін қатаңдатқан. Мысалы, бірқатар қаланың орталық көшелерінде бетперде тағып жүру тәртібі енгізілді. Кельнде полицейлер арақашықтықты сақтау мүмкін болмаса, бетперде тағып жүруі тиіс.
Қазір әлемде коронавирустың екінші толқыны басталып, 40 миллионға жуық кейс тіркелген. Германияда 365 мың адамнан вирус анықталып, 9 785 науқас көз жұмған.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?