Шетел ақпарат кеңістігінде 6 сәуір күні Оңтүстік Кореяның мемлекеттік телеарналары арқылы тараған хабарға назар салсақ, Кореяның өкілеттілігі тоқтатылған бұрынғы президенті Пак Кын Хе қамауда ұстап тұру орталығында екі рет прокуратура жақтың жауап алу тергеуінде болған. Пак Кын Хе өзінің құрбысы Цуй жағынан пайдаланылғанын, оны алдауына түсіп қалғанын ашық айтқан. Ақыр соңында өзінің «жақтастарының жеке ісіне араласуы» себебінен осындай үлкен оқиға орын алғандығын айтады.
4 сәуір күні, Пак Кын Хе прокуратура жақтың бірінші реткі тергеуіне жауап бергенде: « Мен Цуй жағынан пайдаланылдым. Ол мені алдап кетті», – деген сөзі анық естелікке алынған екен. 6 сәуір күні екінші реткі тергеу үстінде Цуй Шүншынің нақты «сыбайластығы» туралы баян еткен. Алайда ол туралы бұдан ары ештеңе де білмейтінін айтты.
Қолда ұстап тұру орынында Пак Кын Хен екі рет тергеуде де, өзіне тағылған айыпты бүтіндей теріске шығарған. Прокуратура жақ алдағы уақытта қосымша тергеу жұмыстарын алып баруды жоспарлап отыр. Бұл тергеу келесі аптада болады деп күтілуде.
6 сәуір түстен бұрын, Пак Кын Хен ісіне қатысты қолға алынған құрбысы Цуй Шүншы Сеулдегі қолға ұстап тұру орталығынан өзге қамау изоляторларына ауыстырылды. Бұл да болса олар бір қамау орталығында тілдесіп қоюынан алаңдаудан туған әрекет болса керек.
“The Qazaq Times”

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?