АҚШ президенті Дональд Трампқа журналистермен кездесу кезінде қарашада өтетін сайлауға қатысты сұрақтарға жауап берді. ВВС агенттігінің хабарлауынша, президентке сайлаудан кейін билікті бейбіт жолмен тапсыруға кепілдік беру туралы сауалдар қойылған.
Лауазымды басқа кандидатқа беру туралы сауалға Трамп: «Не болатынын уақыт көрсете жатар. Мен бұған дейін де поштамен дауыс беру үлкен қателік екенін айтқанмын. Одан бас тартыңыздар, сонда бәрі дұрыс болады. Ал енді жайбарақат кете салу дейсіз бе, ол оңай емес. Биліктің ауысуы екіталай. Өз басым мемлекет тізгінін алдағы уақытта да ұстайтыныма көбірек сенемін», – деді.
Бұған дейін Республикалық партия өкілі Трамп алдағы сайлаудың нәтижесін тек АҚШ Жоғарғы Соты анықтайды деп болжаған. Ақ үй басшысы соңғы кездері демократтар пандемияға байланысты алдағы сайлауда кеңінен қолдануды ұсынатын пошта арқылы дауыс беру әдісін бірнеше рет сынға алған.
Трамп сонымен бірге пошта арқылы дауыс беру кезінде басқа мемлекеттердің қатысу қаупі жоғары дейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді