13 қыркүйекте елде 52 адамнан COVID-19 инфекциясы, 77 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Бір күнде 11 адам қайтыс болған.
Бір аптадан бері Шығыс Қазақстан облысы ковид таралуы бойынша бірінші қатарда тұр. Жексенбі күні Атырау облысында да 11 коронавирус жағдайы анықталған. Басқа өңірлердегі тәулік ішінде тіркелген кейстер саны оннан аспайды.
Вирус қарқыны кейінгі күндері бәсеңдеген Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында ешбір жағдай тіркелмеген. Мұның себебі сенбі-жексенбі күндері медициналық құрылымдардың негізгі құрылымдары жұмыс істемейді.
Қыркүйектің 13-і күнгі Үкімет дерегінше, 4 кісі коронавирустан қайтқан. Емделіп жатқан 4,5 мың адамның 2 306-сы ауруханаларда, ал 2 251 науқас амбулаторлық бақылауда. Сондай-ақ, жағдайы ауыр 121 науқас бар. Оның 22-сі тым ауыр хәлде жатыр. 23 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясына шалдыққан 7 адамның жағдайы оңалмай, өмірден өткен. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі аталған аурудың күнделікті кейстерін аймақтар бойынша жарияламайды. Әйтпесе бұған дейін аймақтық бөлінісін кемінде апта сайын ашық дереккөзде жариялауға бірнеше рет сөз берген. Ведомство ұйымдарында 13 қыркүйек науқастар саны аз тіркелгенімен, қайтыс болғандардың саны күрт өскен. Мұның себебі әлі белгісіз. Коронавирус пневмониясына шалдыққандар туралы билік тұщымды ақпарат бермейді. Ешбір ресми ресурста коронавирус сияқты ауырғандардың саны, аймақтардағы үлесі, клиникалық жағдайы, жас құрамы туралы параметрлер мүлдем жарияланбайды.
1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққан 29 658 адамның небәрі 6 853-і жазылған. 13 наурыздан бері билік мойындаған 106 855 науқастың 100 мыңдайы айыққан.
ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда ауырғандардың саны 136 мыңнан асқан. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептеп келеді.
Пандемия басталғалы жалпы жиыны вирус жұққандардың 2 575-сі (КВИ+ / U07.1 – 1 671, КВИ- / U07.2 – 328, ілеспе аурулардан – 576) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінген 576 адамды жалпы статистикаға қосып есептемейді. Сарапшылар бұған қарсы. Олардың айтуынша, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.
Ауру түрі |
7 қыркүйек
(ауру/өлім) |
8 қыркүйек
(ауру/өлім) |
9 қыркүйек
(ауру/өлім) |
10 қыркүйек
(ауру/өлім) |
11 қыркүйек
(ауру/өлім) |
12 қыркүйек
(ауру/өлім) |
13 қыркүйек
(ауру/өлім) |
Апта жиынтығы
(ауру/өлім) |
КВИ+Коронавирус |
64 / 6 | 73 / 6 | 86 / 5 | 77 / 5 | 68 / 5 | 74 / 6 | 52 / 4 |
494 / 37 |
КВИ-Коронавирус пневмониясы | 16 / 1 | 450 / 1 | 347 / 1 | 353 / 1 | 307 / 2 | 346 / 1 | 77 / 7 |
1896 / 14 |