The Times басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания үкіметі Brexit бойынша кей баптары халықаралық құқыққа қайшы келетін заң жобасын ұсынған. Қазір заң жобасы қызу талқыға түскен.
Уэльс пен Шотландия бұл құжат елдегі билікті орталықтандыруға арналған дейді. Еуроодақ басшылығы жаңа заң қос тарап бекіткен Brexit бойынша келісімді, Солтүстік Ирландия мәртебесі жөніндегі хаттамаға қайшы деп кесіп айтты.
Осы мәселеге қатысты пікір білдірген Еурокомиссияның вице-президенті Марош Шефчович: «Ұлыбритания билігінен Еуроодақтан шығу келісімін, оның ішінде Ирландия және Солтүстік Ирландия жөніндегі хаттаманы уақытылы әрі толығымен орындайтынын растауын сұрадым. Келісім бойынша Бірлескен комитеттің кезектен тыс жиналысын тез арада өткізуді ұсындым. Британиялық серіктестеріміз осы заң жобасы бойынша сауалдарымызға жауап беруі тиіс», – дейді.
Еурокомиссия басшысы пікірінше, Ұлыбританияның ішкі нарықтар жөнінде жаңа заң қабылдауы өзара сенімді бұзып, екіжақты сауда келіссөздердің өтуіне жол бермейді.
Біріккен Корольдіктің Еуропалық одақтан сауда келісімінсіз шығуы Британия денсаулық сақтау жүйесіндегі дағдарыстың шиеленісуіне әкелуі мүмкін. Британ үкіметі бұған дейін фармацевтикалық компанияларды Еуропалық Одақ елдерінен келетін дәрі-дәрмектер қорын жинақтауа шақырған. Brexit жағдайында коронавирусты тестілеу бағдарламасында қолданылатын компоненттер де бұзылуы мүмкін.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті