Сан-Антониодағы Техас университетінің Медицина ғылымдар орталығының ғылымдар магистрі, дәрігер Альваро Морейра коронавирус жұқтырған балалардың бойында байқалатын синдром туралы зерттеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің StopCovAlmaty ақпарат көзі.
Зерттеу барысында дүниежүзі бойынша тіркелген, балалардың көп жүйелі қабыну синдромының 662 жағдайы талданып-зерделенді. «Бұл өлім жағдайына әкеп соқтыруы мүмкін, себебі бұл бірден бірнеше орган жүйесіне зардабын тигізеді» – дейді мамандар.
Ғылыми зерттеу қорытындысына сәйкес, 662 баланың көбінде жүректің зақымдануы байқалған. Аталған тропонин маркері, ересектердегі жүрек талмасына диагноз қою үшін қолданылады.
Сондай-ақ, коронарлық қан тамырларының кеңейгендігі байқалған. Бұл құбылыс кавасаки ауруында да көрініс берген.
Балалардың шамамен 10%-ында коронарлық қан тамырының аневризмі болған. Аневризмге шалдыққан балалар болашақта қатерге көбірек ұшырайтын көрінеді.
Мультижүйелік синдромы бар науқастардың жартысында дерлік негізгі ауру болған, олардың жартысы семіздік немесе дененің артық салмағымен ауырған. Маманның айтуынша, коронавирустың терең түрі сауыққан соң да бала ағзасында жағымсыз ізін қалдыруы ықтимал.