Канада-Америка шекарасы қарашаға дейін жабылды. Бұл туралы сейсенбіде CTV хабарлады.
Канада үкіметінің жоғары лауазымдыларының хабарлауынша, шекара қарашаға дейін ашылмайды. Екі ел шекарасындағы қазіргі шектеу шаралары 21 қыркүйекке дейін жалғасады.
Канада мен Америка Құрама Штаттары шекара Оттава уақытымен 21 наурызда жабылған. Сол кезде Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо хабарлағандай, бұл шектеулер коронавирустан туындайтын қатерлер азайғанша күшін жоймайды. Соңғы рет Оттава мен Уашингтон шекараны жабу туралы шартты тамыздың ортасында тағы 30 күнге ұзартуға келіскен.
Канада мен АҚШ әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасына ие, оның ұзындығы шамамен 9 мың км. Қазіргі уақытта Америка коронавирус дерегі ең көп тіркелген мемлекет. Мұнда жалпы саны 6,61 миллион адамнан вирус анықталып, 196 мың адам көз жұмған. Ал Канадада 140мыңға жуық адам дертке шалдыққан. Қайтыс болғандар саны – 9188 адам.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы