Шешенстан президенті Рамазан Қадыровтың қызы Айшат Қадырова мәдениет министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. АҚШ-тың санкция тізімінде Рамазан Қадыровпен қатар қызының да есімі бар.
Министрдің орынбасары болған Қадырова бұған дейін Шешенстандағы Firdaws атты компанияға (ким-кешек шеберханасы) жетекшілік еткен. Негізінен мұсылман әйелдеріне арналған киім-кешек жобалау және тігумен айналысатын шеберхананың негізін Рамазан Қадыровтың жұбайы 2009 жылы қалаған. Шешен бренді саналатын Firdaws бір жыл бұрын Париж, Мәскеу және Дубай қалаларында өткен сән (мода) көрмелеріне қатысқан болатын.
1998 жылдың тумасы Айшат Қадырова Шешенстан Мемлекеттік Университеті Экономика факультетінің түлегі. 2016 жылы әкесінің жақын досына келін болған. Әлеуметтік желілерде оның "Шешенстан ханшайымы" деген бей ресми аты да бар.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес