АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон (1993-2001) елдің қазіргі лидері Дональд Трамп басқаруындағы Ақ үй хаос эпицентріне айналды деп санайды. Экс-президент Милуокиде (Висконсин) виртуалды режимде өтіп жатқан АҚШ Демократиялық партиясының ұлттық съезіндегі жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірген.
Клинтон республикалық партия өкілі Дональд Трамптың президенттігін вакуумға балап, оны мемлекетті дәйекті басқаруды орната алмады деп айыптады. «Дональд Трамп Американың әлемде жетекші орынға ие екенін айтады. Алайда біз жұмыссыздық деңгейі үш есе өскен жалғыз, әрі ірі индустриалды елміз. Мұндай уақытта Ақ үй кеңсесі тұтас ұжымдық орталыққа айналып, мәселені шешуі тиіс. Бірақ Ақ үй хаос эпицентріне айналды. Бұл жолғы сайлауда бздің таңдауымыз – Джо Байден. Егер Трамп екінші мерзімге президент болып қайта сайланған жағдайда, Американы тағы төрт жыл айыптау, ашуланшақтық және қорлау күтеді», – дейді Билл Клинтон.
Экс-президент Трамп әкімшілігінің пандемиямен күрес жөніндегі іс-әрекеттеріне жеке тоқталып, АҚШ-тағы өлім саны 200 мыңға жақындап келе жатқанын, жұмыссызддық мәселесі мен дағдарысқа ұшыраған кәсіпорындардың саны артқанын айтты. Ол президент Барак Обама мен Байденнің тұсында АҚШ-тағы жұмыспен қамту алты жылдан астам уақыт қатарынан өскенін еске салды.
АҚШ-тың 42-ші президенті болған Клинтон өзінің шешендік өнерімен танымал. Оның Трамп туралы мәлімдемесі демократиялық партияның съезіндегі 11-ші мәлімдемесі. Олардың ішінде 2012 жылы Шарлотта қаласында жергілікті бақылаушылармен өткен кездесуде Клинтон Барак Обаманың екінші мәрте президент болуы жайлы мәлімдемесі бар.
АҚШ Демократиялық партиясының Ұлттық конгресі 20 тамызға дейін өтеді. Делегаттар қарашадағы Джозеф Байден ел президенттігіне үміткер ретінде бекітілді. Сонымен қатар, демократтар пандемия, экономикалық жағдай, жаппай жұмыссыздық және нәсілдік теңсіздік мәселелерін талқылап, Калифорния штатының сенаторы Камалу Харристі вице-президенттікке үміткер ретінде бекітуді жоспарлап отыр.