Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы Ресейге коронавирусқа қарсы вакцина шығаруда байыпты болуды ескертті. Халықаралық ұйым Ресейдің бұл бағыттағы жұмыстары тым асығыс жасалып жатқанын айтуда.
Ресей қазан айында коронавирусқа қарсы жаппай емдеуді бастайтынын мәлімдеген. Елдің Денсаулық Сақтау Министрлігі клиникалық сынақтардың сәтті өткенін айтқан. Ресей үкіметі алдымен вирусқа қарсы жаппай емдеуді дәрігерлер мен мұғалімдерден бастауды жоспарлап отыр.
Алайда, ДДҰ өкілі Кристиан Линдмайер Ресейды клиникалық сынақтарды тым асығыс өткерді деп есептейді. "Халықаралық ережелер мен практикалар бар. Вакцина немесе медициналық препараттар бірнеше реткі клиникалық сынақтар мен тексеруден өтуі тиіс. Содан кейін ғана лицензия беріліп, оны қолдануға болады", – дейді Линдмайер.
Ал, АҚШ-та жасалып жатқан вакцина жылдың соңына қарай дайын болатыны мәлім болды. Құрама Штаттағы вирусолог мамандар Қытай мен Ресейді коронавирусқа қарсы вакцина шығаруда толық клиникалық сынақтан өткізуге шақырған болатын.
Бұған қоса Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын болғанына күмәнмен қарайтын эксперттер де бар. Денсаулық сақтау саласының кейбір ресми өкілдері клиникалық сынақты тездету үшін маңызды ережелердің сақталмай жатқанын растайды.
Ресейдің клиникалық сынақ жалпыластырғаны туралы мәліметтер мүлде ашық жария емес. Сондықтан, клиникалық сынақтардың көлемі мен нәтижесі туралы анықтау қиын.
Қазір әлемде пандемияға қарсы күреспен бірге вирусқа қарсы вакцина дайындау жарысы да жүріп жатыр. Әлем тап болып отырған індетке қарсы вирусты кім алдымен өндірсе оның халықаралық саяси-экономикалық, дипломатиялық ықпалының арта түспек. Әлем елдері мұнай биік абырой бәске тігілген жарыста жүлделі болуға бар күшін салуда.