Украинаның шығысындағы қазіргі ахуал, Қырым аннексиясы мәселесі реттелмейінше, Ресей G8 (Үлкен сегіздік) саммитіне қатыстырылмайды. Бұл туралы Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас Rheinische Post газетіне хабарлады.
«Ресей Украинаның шығысындағы жағдайға араласқандықтан, G8 форматынан шығарылды. Мәскеу Киевке қысым көрсетуін тоқтатпайынша, біз саммитте серіктес болмаймыз», – деді министр.
Бұған дейін АҚШ президенті Трамп саммит құрамына Авустралия, Үндістан және Оңтүстік Кореяны қосу қажет деген. Бірақ Германия СІМ басшысы «бізге Ресеймен бірге G11, G12 сияқты ұйымдар қажет емес» – деді.
G7 яғни «Үлкен жетілік» – Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония кіретін экономикалық дамыған елдердің қауымдастығы.
1975 жылы клуб ретінде Ұлыбритания, Батыс Германия, Италия, АҚШ, Франция және Жапониямен алғашқы кездесуі Францияда өтті.
Клуб 1976 жылдан 1997 жылға дейін «жетілік» форматында жұмыс істеді. Ресей аннексиясынан кейін ол «Үлкен сегіздікке» айналды. 2014 жылы наурызда орын алған Украинадағы оқиғалар, АҚШ пен Еуропаның Ресеймен қарым-қатынасындағы дағдарыстан кейін тараптар байланысы әлсіреген.