«Үлкен жетілік» ұйымына мүше елдердің қаржы министрлері бас қосып, коронавирустың әлем экономикасына ықпалын шектеу үшін бірлесіп әрекет етпек.
Франция экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрдің мәлімдеуінше, індет Қытайдан өзге елдерге таралуына байланысты әлем экономикасының дамуына кері әсері артты. Сол себепті биыл Франция экономикасы 0,1%-ға төмендейді деген болжам бар. Сарапшылар бұл көрсеткіш одан да жоғары болады дейді.
Bloomberg дерегінше, әлем бойынша ковид-9 вирусын жұқтырғандар саны 90823 адамға жеткен. Ал қайтыс болғандар саны – 3116 адам.Вирус жұқтыру қаупі жоғары бірінші санаттағы елдер қатарында Қытайдан кейін Иран, Италия, Оңтүстік Корея, Жапония, Гонконг, Тайуань, және Макао тұр. Өңделген деректер бойынша, аталған дерт Франция, Аустралия, Филиппин, Беларусь, Латвия, Германия және АҚШ-та тіркелді. Сонымен қатар, Ресей, Украина, Армения, Қырғызстанда да вирусқа шалдыққандар карантинде жатыр. Олар Diamond Princess кемесінде болған. Ал Беларусь пен Латвияда ирандық студенттерден коронавирус табылды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел