Бельгия үкіметі елде карантин талаптарын күшейтті. Бұрын маскаларды тек қоғамдық көліктерде кию қажет болса, енді оларды ғимараттардың ішінде де кию талап етіледі.
Бельгияның Денсаулық сақтау министрі Мэгги дэ Блок: «Біз екінші толқынға дайын болу үшін барлық шараны қабылдадық. Енді демалыстан оралған азаматтар вирустың таралуына түрткі болуы мүмкін. Індеттің қайта өршуіне жол бермес үшін алдын алуымыз шарт. Біз ауруларды бақылау және алдын алу бойынша Еуропа орталығының ұсыныстарын орындадық. Яғни расталған ғана емес, сонымен бірге барлық күдікті жағдайлар туралы да хабарланды. Қарттар үйіндегі көптеген науқас жасы келгендіктен көз жұмды ма, жүрегі, өкпесі ауырды ма, әлде COVID-19 болды ма? Ол жағы белгісіз. Коронавирустан қайтыс болуы да мүмкін. Себебі олардың дені тыныс алу жолдарына шағымданған», – дейді.
Бельгияда соңғы бірнеше тәулікте тек 85 адамнан індет анықталған. Елде коронавирустың таралуына шектеу қойылғандығына қарамастан, билік алаңдаулы. Жергілікті халық жазғы демалыстан оралған сәтте дерт қайта дендейді ме деп қауіптеніп отыр.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні