Халықаралық Балаларды қорғау қозғалысы соңғы 16 жылда Израиль күштері мен еврей қоныстанушылар тарапынан 2012 палестиналық баланың өлтірілгенін жариялады. Бұл туралы "Анатолы" ақпараттық агенттігінің ресми сайтында жарияланды.
Халықаралық келісімдерден туындаған балалар құқығын қорғау мақсатымен 1979 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Халықаралық Балаларды қорғау қозғалысы соңғы есебінде палестиналық балалар жөніндегі ащы шындықты паш етті.
Есепте Батыс Шерия, Иерусалим және Газада соңғы 16 жылда Израиль әскери күштері мен еврей қоныстанушылар тарапынан 2012 палестиналық баланың өлтірілгені жарияланды. Израильдің жанұяларды жазаландыру үшін балалардың мүрдесін бермегені де атап көрсетілді.
Сонымен қатар қол сұғылмаушылық саясаты палестиналықтарды өлтірген Израиль әскерлердің сотталуына да кедергі болып отыр.
Аталмыш есепте Израиль үкіметіне қоршауға алу саясаты мен балаларды өлтіруін тоқтату үшін шақыру тасталды.
“The Qazaq Times”