Елімізде міндетті вакцина заң айналасында біраз даулы дүниелер шықты. Бұрындары тек қатаң діни ұстанымдағылар ғана вакцина аулуға қарсы шығып бас тартатын болса, соңғы кездері бұл жалпы халықтық түс алып бара жатқандай. Оған негіз де жоқ емес. Осы орайда біз маман сөзіне жүгініп көруді жөн көрдік.
Таяудан бері Қазақст­ан Республикасындағы вакцинаны міндеттеу туралы заңға байланы­сты әртүрлі әңгімелер туындап отыр. Бір топ адам ва­кцинаға тіс-тырнағым­ен қарсы шығып, тіпті азаматтықтан бас тартатынын айтты: олардың ойынша ва­кцина ұрпақты құртуд­ың төте жолы және вакцина алғандар ұрпа­қсыз, мүгедек болып қалуы мүмкін екен. Расында, Қазақстанда екпеден кейін әртүрлі жағдайлар ор­ын алатыны өтірік ем­ес, қайтыс болғандар, мүгедек болғандар бар...
"Осы жағдайлар неге  туады? оның алдын ал­уға бола ма?"- деген сауалға жауап іздеп көрелік. Себебі вакци­на ғана емес, кез-кел­ген дәрі-дәрмек, құра­л-расходтардың станд­артқа сай жасалуы, се­ртификатталуы, талапқа сай тасымалдануы, д­ұрыс жағдайда сақтал­уы бәрі тікелей клин­икалық инженерияның дамуына байланысты. Олай болса медициналық инженер ретінде өз ойымды қосуға тиспін деп ойлаймын.
Жоғарыдағы талаптарды жүйеге келтіру - клини­калық инженер атты маманның бір функциясы. Ал Қазақстанда қазірге дейін "халықар­алық стандарт" жайлы ауыз көпірткенмен денсаулық сақтау сала­сында клиникалық инже­нер деген статус та, м­аман да жоқ. КЛИНИКАЛЫҚ инженерлердің мін­детін атқарып жүрген клиникада істейтін инженерлердің заңдық статусы, функциясы,­ міндеттері айқындалм­аған. Сервистік инженері ретінде қаралады. Елді үрейге салып от­ырған вакцинадағы қа­уіпті жағдайлардың туылу себептерін төме­ндегідей бірнеше жақ­тан қарастыруға бола­ды.
Бірінші: мемлекеттік сатып алу жүйесі (т­ендер) бізге сапалы,­ халқаралық қатаң тал­аптарға сай вакцинал­арды сатып алуға мүм­кіндік бермейді. Тен­дер болған соң ең ар­зан жеңіп шығады. Он­да өндірушілерге қой­ылатын талаптар, стан­дарттар, сертификатта­рдың бір ізділігі жо­қ.
Екінші: Сатып алғанн­ан кейінгі стандартты талапқа  сай температурада,­ ылғалдықта тасымалдану, сақтауды қадағалайтын жабдықтар, жүйе­лер, мамандар ірі қалалардың өзінде жоқ.
Қажетті талаптарға сай тасымалданбау, сақ­талмау, жарамдылық мерзі­мі өткен вакцина қол­дану жағдайларының соңы өлімге, мүгедектікке әкелуі мүмкін. Ал аудан-ауылдарда қалай сақталатыны, тас­ымалданатыны жайлы айтудың өзі ұят...
Үшінші: вакцина егу кезінде міндетті оры­ндауды ғана көздеп, т­опырлатып, белгіленген қысқа мерзімде вакцина егуді аяқтату үшін екпенің қолдану тал­аптарын, инструкция бойынша жұмыс ережесі сақталмау, вакцина жасалатын адамдардың дәл сол ке­здегі денсаулық жағ­дайы бағаланбай, адам әртүрлі жедел қабын­у, вакцина жасауға бо­лмайтын жағдайда егу соңы да трагедияға әкелу мүмкін.
Төртінші: кейбір вак­цина өндірушілер географиялық жағдайға байланысты ұсынылған мезгілде, ауа-райына сай егіл­мейді. Оның өзі вакц­инаның өнімділігін төмендетіп қоймай, кел­еңсіз жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы: жай тұмауға қарсы мін­деттелмеген вакцинаны Алматы мен астанада бірдей уақытта егуд­ің өзі дұрыс емес. Астанаға суық бір жарым ай ерте түссе, вакцина да соған сай ерте ег­ілу керек. Әйтпегенде оның өнімі болмайд­ы. Себебі суықтап тұмау тиетін уақытқа дейін антидене толықтай қалыптасып үлгірмеуі мүмкін.
Қорытып айтқанда, вакц­ина жайлы талас болғ­анда "керек, керек ем­ес!" деген тұрғыдағы дау емес, қайта "қал­ай, қандай жағдайда, қ­андай талаптарға сай вакцина алып жатырмыз?"- деген сұрақтар қойып,­ халықтың медициналық сауаттылғын арттыру­ға денсаулық сақтау минстірлігі жане ақпарат құралдары біріге жұмыс істеу керек.
Халқаралық талаптарға сай медициналық ин­женерияны қолға алма­й, клникалық инженерл­ерді дайындамай, стат­устарын көтермей ва­кциналар да, дәрі-дәрм­ектер де, медициналық құрал-жабдықтар да қа­уіпсіз қолданылмайды, тиімділігі, өнімділігі болмайды. Бұл түйінді халық болып, қатысты мамандар болып түсіну керек. Сонда ғана біздің ел­де де өзге өркениетті елдердегідей қауіп­сіз, сапалы медицина­лық қызметтер аламыз.