Ежелгі Мысыр министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда археологтар Каирдің 30 шақырым оңтүстігіндегі Дахшур некропольінде 13-ші перғауын Снофру салдырған «бұрыштық пирамида» маңында қазірге дейін белгісіз бір пирамиданың қираған орнын тапты. Бұл туралы "Анатолы" агенттігі хабарлады.
Пирамиданың табылған бөлігі жақсы сақталған, қалған бөлігін табу үшін археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда.
Үйінділер арасынан «үстінде тік жазылған 10 иероглиф бар алебастрдан жасалған бір бағана» табылғаны да атап көрсетілді.
Мысырда 123 дана ежелгі пирамида тіркеулі. Осылар арасында «Гиза пирамидалары» 4500 жыл бұрын салынған.
Гиза пирамидаларының ең үлкені ретінде Хеопс пирамидасы 146 метр биіктігінде және «Ескі дүниенің 7 кереметі» арасынан қазірге дейін бұзылмай келген жалғыз жәдігер болу ерекшелігіне ие.
“The Qazaq Times”