Қазақстанның Әділет министрлігі Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновты тұтқындауға мықтап кірісті. Экс әкім жемқорлықпен айыпталған болатын. Оның мемлекетке келтірген шығыны 300 млн. доллар екен.
В.Храпуновты бұрын да заңмен қудаламақ болған. Алматы әкімдігі 2014 жылы сотқа талап білдірген. 2015 жылы сот оны назарға алмады. Іс Швейцарияда қаралу керек болатын. Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, ендігі сот тыңдауы Калифлорнияда болмақ. Онда Қазақстан тарапы Храпуновтың қылмысы туралы барлық дәлел, факктілерін көрсетуге мүмкіндігі бар. Калифорнияда Храпуновтың виллалары мен қымбат бағалы көліктері бар. АҚШ соты шығарған кез-келген үкім әлемнің барлық жерінде заңдық күшке ие. Храпунов мүлкін қалай жасырса да осы шешім арқылы оларды сатып, Алматы қаласына келген шығынның орнын толтыруға болады.
Алайда, экс әкім де осал емес. Ол да мықты заңгер жалдаған. Мүлкі офшорлық компаниялар арқылы басқа заңды тұлғаға аударылған. Оның Храпуновтыкі екенін дәлелдеу керек. Яғни, Әділет Қазақстан тарапына ұйымдасқан жұмыс атқару керек. Ал, министр Қазақстан халқынан ақша ұрлаған кез-келген ұры оны шетелде пайдалана алмайды деп отыр.
“The Qazaq Times”