Украина «Норманд төрттігі» мүшелеріне (Германия, Франция, Ресей) кезекті саммитті өткізу туралы ұсыныс білдірді. Себебі Киев үшін Мәскеудің агрессиялық саясатына төтеп беру маңызды. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба хабарлады.
«Саммитті онлайн режимде өткізу мүмкіндігі әлі айтарлықтай талқыланған жоқ. Бірақ біз саммитті өткізу үшін үш елдің, ең алдымен Франция, Германия және Ресейдің келісімін күтеміз», — деді ол.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко «Норманд саммиті» 2019 жылдың желтоқсанында Париждегі кездесуде қабылданған шешімдер орындалғаннан кейін ғана өткізілетінін айтқан. Батыс тарапы саммитте келісілгендей «Донбастағы атысты тоқтату, әскерлерді шығару, жаңадан өткізу пункттерін ашу, Штайнмайер формуласын жүзеге асыру» толыққанды орындалған жоқ деп санайды.
Алдыңғы «Норманд форматы» саммиті 9 желтоқсанда Парижде өтті. Жиында тараптар Ресейге енгізілген санкциялар өз күшін жоймайды деген шешімге келген. Төрттіктің кезекті саммиті өтетін күн алдағы уақытта белгілі болады.
Айта кетейік, «Норманд төрттігі» немесе «Норманд саммиті» — Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу мақсатында 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жыл сайын Германия, Франция, Ресей және Украина басшылары мен сыртқы істер министрлері кездеседі. Франция мен Германияның ұстанымдары тең — олар үшін Донбастағы қақтығыстың шешілуі маңызды.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                    
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі