Британияның Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы Ресейдің он төрт азаматына санкция енгізу туралы шешім шығарды. Бұған дейін осы азаматтар АҚШ-тағы антиресейлік «Магитский тізіміне» де енгізілген.

Мәліметтер бойынша, аталған тұлғаларға қатысты шектеу шаралары «2007 жылы жүзеге асырылған салықты қайтарудың алаяқтық схемасы арқылы Ресей мемлекеттік қаражатына 230 миллион долларға балама соманы ұрлағаны үшін» енгізілген. Бұл қаражаттың бір бөлігі шетелге шығарылған. Сонымен қатар, қара тізімге Гватемала конгресі төрағасының бірінші орынбасары (елдің бір палаталы Парламенті) Фелипе Алехос Лоренсана және Albanisa компаниясының вице-президенті және Никарагуа ұлттық азаттық Сандиниста майданының бұрынғы қазынашысы Хосе Франсиско Лопес Сентено кірді. Олардың Ұлыбританиядағы активтері табылған жағдайда бұғатталып, патшалыққа кіруге тыйым салынады.

Ресей азаматтарына енгізілген санкциялық тізімде:

  • жемқорлықпен күрес басқармасы басшысының орынбасары Артем Кузнецов;
  • тергеу департаментінің бұрынғы тергеушісі Павел Карпов;
  • тергеушілер Станислав Гордиевский мен Олег Уржумцев;
  • салық инспекцияларының басшылары Ольга Степанова, оның күйеуі Владлен Степанов және Елена Химина;
  • заңгерлер Андрей Павлов және Юлия Майорова;
  • «Гранд-Актив» бас директоры Алексей Шешеня;
  • кәсіпкерлер Вячеслав Хлебников және Виктор Маркелов;
  • «Әмбебап жинақ банкінің» бірлескен иелері Дмитрий Клюев пен Геннадий Плаксин бар.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Доминик Рааб санкция енгізудің басты мақсаты «әлемдегі ауқымды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу; жемқорлықпен байланысы бар жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың активтерін тоқтату, сондай-ақ Біріккен Корольдікке кіруге тыйым салу» деп мәлімдеді.

Магнитский ісі

2008 жылдың 24 қарашасында Firestone Duncan аудиторлық компаниясының 37 жастағы басқарушы серіктесі, Hermitage Capital қорының аудиторы Сергей Магнитский салық төлеуден жалтарғаны үшін ұсталды. 26 қарашада Мәскеудің Тверь сотының шешімімен ол қамауға алынды.

2009 жылы қазанда қордың негізін қалаушы Уильям Браудерге 522 миллион рубльден астам салық төлеуден жалтарғаны үшін айып тағылды. «Бутырка» тергеу изоляторында 11 ай қамауда болғаннан кейін, ол 2009 жылдың 16 қарашасында «Матросская Тишина» тергеу изоляторының реанимация бөлімінде қайтыс болды. Магнитскийге қатысты қылмыстық іс сол жылдың 30 қарашасында тоқтатылды.

"The Qazaq Times"