Жаһандық деңгейдегі G20 көшбасшыларының саммиті бейнеконференция форматында өтті. Тараптар коронавирустың таралуы мен пандемияның экономикалық салдарымен күресу мәселелерін талқылады.
Саммит қорытындысы бойынша G20 елдері төмендегі шараларды шұғыл арада жүзеге асыру туралы келісімге келді:
1. Коронавирустық пандемиямен күресте біріккен мемлекеттер ретінде әрекет ету;
2. Пандемияның қаржылық салдарын еңсеру үшін әлемдік экономикаға 5 трлн. бөлу
3. Еркін, тұрақты халықаралық сауданы қолдау;
4. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (БДСҰ), Біріккен ұлттар ұйымымен (БҰҰ) және Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) бірлесе отырып, коронавирустық пандемиямен күресу шараларын қабылдау;
5. Коронавирустың таралуын бақылау үшін ДДҰ-ға қаражат бөлу.
G20 елдері орталық банктердің коронавирустың таралуы аясында қабылдаған шараларын және Олимпиада ойындарын келесі жылға көшіру туралы шешімін құптайды. Сонымен қатар G20 көшбасшылары мен Дүниежүзілік банктің коронавирустың таралуы жағдайында мұқтаж елдерге көмектесу үшін қабылдаған қадамдарын қолдайтынын айтты.