«Үлкен жиырмалық» саммиті, яғни G20 мүшелерінің 15-ші кезекті жиналысы Сауд Арабиясының орталық қаласы Эр-Риадта өтпек. Шараның елінде өтуіне Сауд әулетінің қазіргі тақ иесі Король Салман ибн Абдулазиз ас-Сауд өзі қолдау білдірген. Бұл туралы сол елдің ресми ақпарат агенттігі SPA хабарлады.
Қараша айында өтетін жиынның басты тақырыптарында, G20-ға мүше елдердің ынтымақтастығын дамыту, ғаламдық экономикалық мәселелерге ортақ шешім қарастыру және экономикалық дамуды қамтамасыз ететін шараларды табу қатарлы негізгі мақсаттары тұр.
Бұдан тыс саммитте қоршаған орта, жылудан ластану, климат өзгерістері, миграция, энергетика және экономика дағдарысының алдын алу қатарлы қосымша тақырыптары бар. Сауд Арабиясы «Үлкен жиырмалыққа» мүше елдер басшыларының саммитін араб елдері арасында алғаш рет ұйымдастырғалы отыр.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау