G20 елдері коронавирус пандемиясымен күреске $21 млрд-тан астам қаржы бөлмек.
Наурызда бейнеконференция форматында өткен G20-ның бірінші саммитінде «Үлкен жиырмалық» елдері коронавируспен күреске қаржы бөлуге келіскен болатын. Кездесуде көшбасшылар пандемияның әлемдік экономикаға тигізетін кері әсеріне қарсы іс-қимылға ауқымды қаржылық көмек көрсетуді қолдаған.
Politico басылымының хабарлауынша, пандемиямен күреске бөлінетін қаржы диагностика мен коронавирус инфекциясының еміне, вакцианалар әзірлеуге, сондай-ақ пандемиямен күрес аясында зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалады.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша әлемде 6,731 млн адам адам коронавирус жұқтырған. Расталған жағдайлар саны бойынша 1,89 млн-нан астам адам вирус жұқтырған АҚШ көш бастап тұр. Екінші орында Бразилия (614,9 мың), үшінші орында Ресей (449,2 мың) тұр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті