Италияда коронвирус жұқтырғандар саны 9172 адамға жеткен. Ал қайтыс болғандар саны – 463. Осы аптада Италияның солтүстігіндегі 15 аймақ толық карантинге жабылды. Елдегі ахуал күн өте нашарлап, Оңтүстік Еуропаның жүрегіне айналған мемлекет қаңырап бос қалған.
Венециядағы Сан-Марко алаңы әдетте туристерге толы болатын. Бірақ қазір мұнда ешкім жоқ. Фото: REUTERS
Туристер жиі баратын Гранд-канал да бос қалған. Фото: REUTERS
Венециядағы «Жоғалған жұмақ» аталатын тарихи кафе бүгінде тұтынушыларын жоғалтқан. Фото: ВВС
Римдегі ең танымал Колизей архитектуралық ескерткіші жабық тұр. Фото: ЕРА
Италия үкіметі Covid-19 коронавирусын тоқтату үшін елдің солтүстігіндегі Ломбардия облысында қатаң карантин жариялады. Бұйрыққа 7 наурыз түнде Италия премьер-министрі Джузеппе Конте қол қойды. Фото: REUTERS
Суретте Туриннің орталық алаңдарының бірі – Италияның солтүстігіндегі туристік қала. Пьемонт провинциясының орталығына айналған қала тұрғындар саны бойынша төртінші орында. Фото: AFP
Италиядағы ескі сауда орталығы – XIX ғасырдың соңында салынған II Виктор Эммануилдің миландық галереясы. Италияның коммерциялық астанасына айналған Миланда, әдетте, ине шаншыр орын табу қиынға соғатын. Фото: ЕРА
Ал бұл Милан соборындағы алаң, 8 наурыздан бастап Милан, Венеция, Парма, Римини, Пьяченца сынды қаладағы 16 миллиондай адам карантинге жабылды. Фото: AFP
Жексенбіде Туриндегі стадионда өткен жергілікті «Ювентус» пен миландық «Интердің» А сериясындағы матчын тамашалауға келген көрермен болған жоқ. Сәуірге дейін барлық шаралар тоқтатылды. Елде қазір вируспен күресу үшін зейнетке шығып кеткен дәрігерлер қайта жұмысқа оралып жатыр. Осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Италия билігін вируспен күресуді күшейтуге шақырған. Фото: ЕРА
Ватикандағы музей, тарихи орындар жабылды. Фото: Аvatar
Карантиндегі Италия. Фото: EPA
P.S: Соңғы деректер бойынша, әлемде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 113345-ке жетсе, 4 мыңға жуық адам қайтыс болған. Италия вирус таралу қаупі жоғары деңгейге көтерілген елдер тізімінде Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейін үшінші орында тұр.
"The Qazaq Times"