Ресейдегі негізгі аймақтардың орталық қалаларында қастандықпен өлтірілген саясаткер Борис Немцовті еске алу, оның өлімінің жұмбағы әлі ашылмағанына қарсы жалпыхалықтық наразылық өтіп жатыр.
Танымал ресейлік оппозиция саясаткері, «Республиканская партия России — Партия народной свободы» (РПР-ПАРНАС) партиясының төрағаларының бірі, Ярославль облыстық Думасының депутаты Борис Немцовты 2015 жылдың 27 ақпан күні белгісіз қарулы топ атып кеткен болатын.

Мыңдаған адам қатысқан бейбіт шеруде «Путин – ұры!», «Путинсіз Ресей», «Саяси өлімге жол жоқ», «Ресей азат болады», «Борис Немцов – Ресейдің халық батыры!», «Путин кетуі керек!», «Бостандық», «Босат» деп ұрандарды айтып айқайлады. Олар Борис Немцовтың өліміне тапсырыс берушілерді анықтап, жазаға тартылуын, Кремль командасының толық ауысуын, саяси тұтқындарды дереу босатылуын, елдегі адам хақының заң жүзінде қорғалуын талап етіп жатыр.

«Белый Счётчик» мониторинг жүргізуші ұйымның есебінше, Мәскеуде 23 мыңнан астам, Санкт-Петербургта 3 мыңдай, Краснодарда 2 мыңға жуық адам қатысып жатыр. Ереуілшілдер саны сағат сайын көбеюде. Наразылардың бүгінгі шеруінің басты тақырыбы – «Конституцияны емес, билікті өзгерту керек!». Құқық қорғаушылардың дерегінше, Борис Немцовтың қазасынан кейін саяси тұтқындардың саны 20 есе өскен.
Жаппай сипат алған наразылық аумағында БАҚ өкілдері емін-еркін жұмыс жүргізуде. Ақпарат дер кезінде тарап отыр. Интернет бұғатталмаған.

Осыдан бес жыл бұрын Мәскеудегі Москворшы көпірінің бойында ақ түсті көлік мінген қылмыскерлер алты мәрте оқ жаудырып, оның төртеуі Немцовқа тиген еді. Кейіннен тергеу комитеті Кавказдың бес тұрғынын күдікті деп таныған. Олар Анзор және Шадид Губашев, Заур Дадаев, Хамзат Бахаев және Темірлан Ескерханов.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр