Бүгін Алматының «Астана» алаңында сағат 11:00 шамасында Демпартияның ұйымдастыру-бастамашыл тобы өкілдерін полиция күштеп ұстап әкетті. Ең соңы болып ұсталған журналист Инга Иманбай арада 15-20 минут өткеннен кейін қайта босатылды. 

Журналист, Жас Алаш газетінің редакторы Инга Иманбай тілші әрі аяғы ауыр болғанына қарамастан, полиция көлігі жолдың ортасынан қарсы бетке бұрылып, Медеу ауданының полиция бөлімшесіне бет алған оны отырғазып алып кетті. 15-20 минут шамасында Иманбайды алаңда босатты.

Журналист Инга Иманбай. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Таңертең алаңға бағыт алған 70 шақты белсендінің ұсталғаны мәлім болды. Олар «Жанболат Мамайға бостандық!» деп ұрандатты. Алаңдағы «Әлия-Мәншүк» ескерткіші алдына жиналған топ өкілдері билікті сынға алған болатын. Саясаткер Төлеген Жүкеев: «Билік партияны тіркетпеу үшін бар амалды жасап отыр, мұның барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жасалып жатыр. Тоқаевта билік жоқ, халықты көшеге шығармау арқылы билік режимнің өмірін созғысы келеді», – деді.

Арнайы жасақ. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

22 ақпанға қараған түні бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамайды әкімшілік сот «рұқсат етілмеген митингіге шақырды» деген айыппен үш тәулікке қамады.

Қарттар жаппай ұсталды. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Демократиялық партия құрушылар бүгін, яғни 22 ақпанда партияның алғашқы съезд өткізуді жоспарлаған. Алайда өңірлердегі қозғалыс белсенділерінің негізсіз жаппай ұсталуы себепті съезд өткізуден бас тартып, және оның орнына бейбіт шеру өткізетіндерін жариялаған еді.

Ұстау барысынан. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Соңғы кездері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды көздейтін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз еркіндігіне рұқсат беретін кепілдігі митинг қарсаңында өз күшін жоғалта бастады. Facebook желісіндегі азаматтық бастамаға  мониторинг жүргізушісі #IHaveAChoiсe #ActivistsNotExtremists  және  адам құқығын қорғауға арналған Qaharman тобы митинг қарсаңында, ақпан айының  6-21 аралығында 15 қаладағы 64 белсендіге полиция тарапынан әртүрлі шара қолданылғанын жариялады.

Медеу аудандық полиция бөлімшесіне бет алған журналист Инга Иманбайдың қасына еруші жақтастары түгел ұсталды. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Әлеуметтік желілерде біраздан бері экс-банкир, қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жетекшілік ететін, елде экстремистік ұйым ретінде танылып,  қызметіне тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы»  қозғалысы интернет арқылы азаматтарды 22 ақпанға жаппай митингіге шақырып келеді. Әблязовтің жұртшылықты митингіге үндеуімен қатар жарыса профилакикаға қамданатын ІІМ қоғамда «басқаша ойлайтын» белсенділерді әртүрлі айыптармен үйде немесе изоляторда қамауда ұстауды әдетке айналдырған.

Қарияларды да күштеп ұстап жатты. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Тоқаев өткен жылы 5-6 желтоқсандағы Германия еліне мемлекеттік жұмыс сапары қарсаңында желтоқсанның 4-і  Deutsche Welle  неміс басылымының тілшісі Жанна Немцоваға берген сұхбатында « Бүгінде жеке пикет жасағаны үшін ешкім жазаланбайды» деген болатын. Сондай-ақ былтыр күздің басында мемлекет басшысы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын таныстырған еді. Бұл «азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратынын» айтқан президенттің сөзі мен ісінің теңдігі туралы қоғам пікірі әр алуан. Тоқаев тұңғыш жолдауында:

«Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», – деген болатын.

Бір-бірін қолтықтасқан арнайы жасақ тізбегі. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Демпартия жақтастары "Жанболат Мамайға бостандық берілсін" деп ұрандасты. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Белсенділердің жолын бөгеп тұрған әскери қызметкер. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Инга Иманбайды ұстау сәті. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Журналист полиция көлігінің ішінде. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Арада 15 минут өтпей журналист Инга Иманбай қайта босатылды. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Журналистика саласында ұзақ жылдар ұстаздық еткен қария журналистерге жасалған қысымға қынжылатынын жеткізді. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

Алаң аймағында журналистердің куәлігін қайта-қайта тексеріп, ескерту жасап жатқан полицейлер еш рұқсатсыз куәлікті суретке түсіріп алып жатыр. Алматы қаласы. 22 ақпан 2020 жыл. Фото: QT

 

“The Qazaq Times”