Мюнхенде мемлекеттік жұмыс сапарымен жүрген президент Тоқаев Қазақстандағы интернетке қатысты ақауды қалыпқа келтіруді тапсырды.
Бұл жөнінде Ақорданың хатшысы, президент баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли facebook желісіндегі ресми парағында жазды:
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды.
Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды».
Өткен аптаның бейсенбісі, яғни 13 ақпан кешкісінен бері Қазақстанда Telegram мессенджеріне хат алмасу мүмкіндігі кідіріңкіреді. Тіпті ұялы байланыс операторлары мен интернет-провайдерлер арқылы қолдану қиындады. Әр кезде әрқалай болмашы мезгілге, бірнеше минут қана қолжетімді болды. Кейіннен қызмет қайта үзілді.
Ал жексенбіде елдегі Google іздеу жүйесіне, Gmail поштасына, YouTube видеохостиңіне кіру қиындап, Android тұтынатын қазақстандықтардың PlayMarket қызметі бұғатталды. Түс ауа, сағат 15: 00-ден кейін барлық ресурс қайта қолжетімді болды.
Бұл елдегі интернеттің бірінші рет бұғатталуы емес. Әртүрлі өзекті саяси оқиғалар тұсында немесе санкцияланбаған жиын-митингтер кезінде ешқандай реми мәлімдеме-ескертусіз интернет қызметін қолдану қиындап, ТОР ресурстар бұғаталып жатады.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі