Коронавирус әлем экономикасына дағдарыс қаупін елестетуде. Қытай фабрикаларының жұмыстары тоқтап, карантин болып жатқанда, Батыс экономистері әлем экономикасы жаңа дағдарысқа тап келеді деп алаңдауда. Себебі, Қытайда қауіпті жаңа вирустан жүздеген адам көз жұмды және жайлап әлем елдеріне таралуда. Егер вирус әлемдік пандемияға айналып кетсе әлем экономикасына қауіп тудырмақ. Кейбір сарапшылар бұны 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан да ауыр болады деп болжап отыр.
Соңғы жылдары әлем экономикасының көшбасшыларының басына қара бұлт үйірілгені бар – брексит, сауда соғысы, енді міне коронавирус. 2002-2003 жылдары SARS коронавирусы таралғанда әлем осындай болжалды-болжаусыз күйді кешірген болатын. Қытайда бастап таралған вирус әлемнің 25 еліне таралып, 800-ден астам адам көз жұмған және дүние экономикасы 40 млрд доллар көлемінде шығынға батқан еді. Бірақ, ол кездегі Қытайдың ішкі жалпы өнім құны қазіргіден әлде қайда төмен және жалпы экономикаға әсері де азырақ болатын. Қазір Қытай экономикасы ол кездегіден 9 есеге артты және әлемдік өндірісінің 4 пайызынан 17 пайызына дейін жеткен. Демек, бұл SARS тараған жылдарға қарағанда Қытай экономикасы әлем үшін әлде қайда көбірек ықпал ететінін білдіреді.
Соңғы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс экономика көш басшысы болған Құрама Штаттардан басталған еді. Сол уақыттар да «АҚШ түшкірсе, әлем елдері тымауратып қалады» деген сөз ешкімге де жаңалық емес еді. Ал, қазір бұл сөз Қытайға да қаратылса керек. 2002 жылы Қытайда басталған вирус ел экономикалық өсімін екі пайызға кеміткен. Бірақ, бұл ол тұста әлемге көп әсер ете қойған жоқ. Ал, қазір Қытай экономикалық өсімге бұл деңгейде кері әсер ету әлем экономикасы үшін бұрынғыдан бірнеше есеге ауыр болады.
Қытай экономикасы қауіпті жаңа вирус тараудың алдында да әлсіреп жатқан болатын. Оған АҚШ-пен арадағы сауда соғысы және Гонконг дағдарысы да әсер еткен. Былтыр Қытай соңғы отыз жылдағы ең төменгі экономикалық өсім көрсетті. Ал, коронавирустың әсері Азия елдерінде көбірек көрінді. Қытайға іргелес Жапония, Вьетнам, Тайланд, Камбоджа, Сингапур қатарлы елдер Қытай жаңа жылында ағылатын қытайлық туристерден құр қалды. Оның үстіне өндірістік және тұтыну бұйымдары Азияда әр бесінші елде 40 пайызы Қытайдан кіретіндіктен бұл жағындағы тауар айналымы шығынға ұшырай бастаған. Ал, Еуропа мен АҚШ үшін әзірге вирусқа байланысты Қытай әсері жанама түрде тиіп жатыр. Айталық, қытайлық туристер мен кейбір тауарларға ғана тапшылық туылған.
Дегенмен, бұл болжамға келіспейтін сарапшылар да бар. SARS вирусы тараған кезде де дүниені дүбірген салған еді. Сарапшылар кісіні алаңдататын небір болжамдар жасаған. Бірақ, вирус қысқа уақытта тізгінделіп, қорқыныш сейіліп кетіп еді.