6 қаңтар мен 3 ақпан аралығында елімізге Қытай және көрші мемлекеттерден 27 мың 896 адам келген.
Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген мониторинг бойынша, санитарлық-карантиндік пунктерде: Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда – 21 мың 274 адам, теміржол вокзалында – 399 жолаушы тексерілген.
«ЖРВИ белгілерімен 88 адам көпшіліктен оқшау ауруханаға жатқызылды, оның 43-і жазылып шықты. Қазір стационарларда 46 адам қалды. Ауруханаға жатқызылғандардың барлығының сынамасы қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген» делінген ведомство хабарламасында.
Жексенбідегі жағдай бойынша, әлемде коронавирус инфекциясының жаңа типімен ауырғандар 17 205-ке, ал індеттен көз жұмғандар саны 361-ге жетті. 2296 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр және 21 558 адам осы вирусты жұқтырды деген күдікке ілініп отыр.
Сондай-ақ кеше, 2 ақпан Қазақстан ҚХР аумағындағы індет ошағы саналытын Ухан қаласында жүрген 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті эвакуалиялаған болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы