47 жылдан кейін Біріккен Корольдік Еуропалық одақ құрамынан шықты.
Дәл 31 қаңтарда 23.00-де (1 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 05.00), үш жарым жылдан соң, британиялықтардың 51,89%-і Brexit үшін дауыс берді.
Дегенмен, Ұлыбритания мен ЕО арасындағы келіссөздер сәтсіз болған жағдайда, елде Brexit-тің тиімсіз болжамдары орындалуы мүмкін: ДСҰ тарифтерін енгізу, бағалардың күрт өсуі, шекарадағы жүк көліктерінің кезегі, дәрі-дәрмектер мен Еуропалық өнімдердің тапшылығы.
Енді Британия биыл өзінің жаңа иммиграциялық саясатын пысықтап, ЕО-ға мүшелік етпейтін елдермен сауда келіссөздерін бастайлы. Үкімет бұған дейін үш жыл ішінде сауда айналымының 80%-і еркін сауда туралы келісіммен аяқталады деп есептейтінін хабарлаған.
Ұлыбритания ЕО-дан былтыр 29 наурызда, яғни қауымдастықтан шығу туралы жазбаша хабарлама берілгеннен кейін екі жыл өткен соң кетуі керек еді. Алайда британ Парламенті Қауымдар палатасының депутаттары Брюссель мен бұрынғы премьер-министр Тереза Мэй үкіметі арасында қол жеткізілген Brexit шарттары туралы келісімнің жобасын үш рет кері қайтарған. Нәтижесінде Тереза Мэй отставкаға кетіп, орнына Борис Джонсон келді. Еуропалық одақ Brexit-ті алдымен сәуір немесе мамырға, содан кейін 31 қазанға бекітуге келісті. Бұл қадам да сәтсіз аяқталып, мемлекеттің одақтан шығатын мерзімі 31 қаңтарға шегерілді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы