ІІ Елизавета патшайымнан кейін Еуропарламенттің конституциялық істер жөніндегі комитеті де Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы келісімшартты бекітті.
Telegraph сайтының хабарлауынша, құрылымның 23 мүшесі құжатты қолдап дауыс берсе, үшеуі қарсы шақты. Келісімге Еурокеңес пен Еурокомиссия басшысы қол қоюы тиіс. Еуропарламент депутаттары болса оны 29 қаңтарда дауысқа салады. Осыдан кейін қаңтардың 31-інен бастап биылғы жылдың соңына дейін өтпелі кезең жүреді. Осы аралықта Брюссель мен Лондон екіжақты қатынастың келешегін талқылап, айқындауы тиіс.
13 желтоқсанда елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтіп, нәтижесінде басқарушы партия жеңіске жеткен болатын. Кейіннен премьер-министр Борис Джонсон 31 қаңтарға белгіленген жоспар Лейбористер партиясының қарсылығына қарамастан міндетті түрде жүзеге асады деп уәде берді.
Осы аптада Еурокомиссияның (ЕК) басшысы Урсула фон дер Ляйен мен Еуропа Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель Брюссельде қажетті құжаттарға қол қояды. Ал 31 қаңтарда бірнеше мәрте сәтсіз финишпен ұзаққа созылған Brexit келісіміне нүкте қойылып, Біріккен Корольдік Еуропалық одақ құрамынан шығады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр