Ұлыбритания парламентінің Қауымдар палатасы Brexit жоспарын үшінші оқылымда мақұлдады. Лордтар палатасына жіберілген құжат қаралған соң, ел билігі Еуроодақтан шығуға дайындықты бастамақ, – дейді Politico басылымы.
Аталған заң жобасы Лондон мен Брюссель келісіміне негізделген: экономикалық даму, сауда-саттық, дипломатиялық қарым-қатынастар аясында жаңа келіссөздер жүргізілмек.
13 желтоқсанда елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтіп, нәтижесінде басқарушы партия жеңіске жеткен болатын. Кейіннен премьер-министр Борис Джонсон 31 қаңтарға белгіленген жоспар Лейбористер партиясының қарсылығына қарамастан міндетті түрде жүзеге асаады деп уәде берді.
Ұлыбритания ЕО-дан былтыр 29 наурызда, яғни қауымдастықтан шығу туралы жазбаша хабарлама берілгеннен кейін екі жыл өткен соң кетуі керек еді. Алайда британ Парламенті Қауымдар палатасының депутаттары Брюссель мен бұрынғы премьер-министр Тереза Мэй үкіметі арасында қол жеткізілген Brexit шарттары туралы келісімнің жобасын үш рет кері қайтарған. Нәтижесінде Еуропалық одақ Brexit-ті алдымен сәуір немесе мамырға, содан кейін 31 қазанға бекітуге келісті. Бұл қадам да сәтсіз аяқталып, мемлекеттің одақтан шығатын мерзімі 31 қаңтарға шегерілді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді