Жаңа бюджет жобасы бойынша Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері анықталды. Байқағанымыздай, атқамінерлер былтырғы мөлшерді өзгертпеу туралы келісімге келген: биыл да ең төменгі жалақы 42 500 теңге болмақ.
«2020 – 2022 жылдардағы республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес бірінші қаңтардан бастап жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер, , салық пен өзге де төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы, зейнетақы және айлық есептік көрсеткіш мөлшері бекітілді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл әеуметтік салаға 5 триллион 692 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген.
Сонымен, ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 16 839 теңге;
ең төменгі зейнетақы мөлшері – 38 636 теңге;
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 651 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31 183 теңге болып бекітілді.