Украина дағдарысы басталғалы бері, Ресей мен Украин арасындағы шиеленіс үзбей жалғасып келеді. Соңғы кезде туылып жатқан оқиғалар да екі ел арасындағы теке-тіресті ұлғайтып, өңірдің қайшылығын асқындырды. Көршілес, ұқсас тарих пен мәдениетке ие екі елдің де ынтымақтаса өмір сүруі қиынға түсетіні неліктен? Бұл сұрақтың жауабы көпшілігімізге түсінікті мүдде қайшылығында жатса керек. Десе де, бұл мәселені бірнеше тақырыпқа бөліп қарастыруға тура келеді.
Ресейдің Спутниктік желісінің хабарлауынша, 23 наурыз күні Путин билігінің қарсы Ресейдің бұрынғы оппозиция мүшесі В. Краков Украина астанасы Киевте атып өлтірілді. Осыдан кейін Украина президентінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жариялап: « Бұл Ресейдің жіңішкелікпен жоспарлаған кісі өлтіру ісі болып табылады», – деген. Ал, бұған Ресей президентінің өкілі Песков жауап беріп: «Киев тарабының Краковтың өлтірілуін ресейлік барлау агенттеріне итеруі күлкілі», – деді. Осыған қарата АҚШ-тың «Атлант айлығы» басылымы арнауы мақала жариялаған болатын. Мақалада: «Біз оның кімдер жағынан өлтірілгеніне толықтай сенімді емеспіз, алайда екі мүмкіндіктің бар екені анық. Қатысты зерттеулер мен нәтижелер Ресей мен Украина арасындағы саяси ойындар мен егесті негізгі себеп етіп көрсетіп отыр», – деген қортынды айтылған.
Әрине бұл орыс пен украин арасындағы алғашқы дипломатиялық керауыздылыққа салынуы емес. Осыдан бір ай бұрын, 18 ақпанда Ресей Спутниктік желісі Путиннің маңызды жарлыққа қол қойғанын хабарлаған еді. Бұл Донецк және Луганск аймақтарында Украина азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғалардың құжаттарын, дипломдарын, неке куәлігі тағы басқа да құжаттарын мойындау туралы жарлық болатын. Бұл дегеніміз аталған аймақтардың ресейліктер ұқсас құжаттық мойындауға жетті дегенді білдіреді. Бұған қарсы Украина мемлекеттік ақпарат қызметі Путиннің шындап жарлық шығарып, Украина территориясын заңсыз басқаруға алғанын сынға алған болатын. Хабар Халықаралық қауымдастықтарды Ресейдің «Бейбітшілік келісімін» бүлдіргені үшін қысым түсіруге шақырған еді.
Екі ел арасындағы саяси алауыздық пен теке-тірестер 2013 жылдан бері басталды. Әсіресе, ресейшіл президент Виктор Янукович президенттіктен қуылғаннан кейін бұл қайшылық өткірлене түсті. Алғашында, Қырымды референдум арқылы жергілікті халықтың басым көп дауысымен Ресейге қосып алды. Кейін Украинаның шығысындағы аймақтарды бөліп алуы Ресей мен Украин арасындағы бітпес дауды өршітті. 2015 жылғы ақпанда Ресей, Украина, Германия, Франция төрт елдің жетекшілері Беларусияның астанасы Минск қаласында Украинадағы соғысты тоқтату және Украинаның шығысындағы аймақтар туралы жаңа келісімдер үшін бас қосты. Сол арқылы Украинадағы дүрбелең басылғандай болды. Алайда екі ел арасында бітпес дау сол күйі қалып қойды.
Ал бүгінге қайтып оралсақ, Ресейдің бұрынғы оппозиция өкілінің Украина астанасында оққа ұшуы, екі елдің саяси қайшылықтарының өршіп тұрған тұсына тура келді. Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович те бұл істе тексеруге қатыстырылды. Осыдан-ақ, Украина билігінің Януковичтен пайдаланғалы отырғанын білеуге болады. Сонымен бірге оның Ресеймен болған қарым-қатынасын жинастыруға әрекеттеніп отырғаны да байқалады. Демек, Ресейде келетін саяси қысымдарға қарсы Украинаның өз айласы бар деген сөз.
Екі ел қарым қатынасы үшін АҚШ билігіне Трамптың келуі, ара қатынастағы қайшылықты еселей түсуі ықтимал. Себебі, Трамп АҚШ-тың екі партиясының алдында да өзінің ресейшілдігін танытып алды. Сонымен бірге оның Ресей-Украина мәселесінде айтқан лебіздерінде де Украинаны жазғырушылық есіп тұрады. Айталық Трамп: «Жаңа үкімет Ресейге қаратқан саясатын әлі тұрақтап болған жоқ. Ресей мен Украина мәселесінде Украина және оның одақтастарының да айыбы бар. Оның одақтастары Ресейге қарсылық саясатына итермелеп, қайшылықты ушықтырып отыр», – деген салған еді. Көптен бері, Ресей-Украина қайшылығының басты себепкері ретінде Ресей алға тартылып келген. Ал Украин мен оның ішіндегі кейбір қарулы күштерінің арасында да ұстаным жағынан белгілі айырмашылықтар бар.
Украин үкіметі Ресейді өздерінің бірден бір қауіпті жауы санайды. Британдық Рейтер агенттігінің хабарында, Украина президенті Порошенко қарулы күштерге Украинаның шығысында жаудың тағы да әрекет жасауының алдын алуға дайын тұруын ескерткен. Украин шығысының даулы аймаққа айналуына Батыс елдерінің мүдделі екені де байқалады. Олар өздеріне келетін Ресей қысымын жеңілту үшін, Украина шығысын геосаяси тұрақсыз аймақ ретінде ұстап тұруға да тырысады. Қытайлық саясат танушы Жяң И «News.Cn» ақпаратына берген сұхбатында былай дейді: «Ресей Украинаның шығысындағы мәселе арқылы тұтас Украинаны шеңгелдемек. Ал, Украина болса бар күшін салып, өз ішінде реформа жасауға шарасыз қалды, әрі Батысқа иек сүйеу қадамын да бәсеңдетті. Дәл осы кезде, Ресей Батыспен пәтуаласып, ұрысты тоқтату келіссөздерінде айла-шарғысын көбейтер болса, онда бұл жағдай шыт-жаңа дипломатиялық тартысты дайындап береді», – деген көзқарас білдірді.
Ресей сондай-ақ, осы мәселені Батыс елдерімен қарым-қатынас және диалогта басты құрал етіп пайдаланбақ. Айталық, атысты тоқтату келіссөздерін арттырады. Егер мәселе түбірімен шешім тауып кетер болса, онда бұл Батыс елдерінің осы аймақтағы Ресейді тежеу мен қарсы тұруына жол қалдырмайды. Бір есептен, Ресей мен Украина бір келіссөз үстеліне отырмайды. Енді бір жағынан, ЕО мен АҚШ Украина мәселесі арқылы Ресейге қысым түсіреді. Ал Ресей жақ Батыстың санкцияларын алып тастау үшін өзінің түбірлі мүддесінен тайқып кетпейді. Қырымда, Украинаның шығысында кез-келген операцияларды жасау және екінші рет референдум өткізуі де бек мүмкін. Қазіргі қалыптағы Украина мәселесі Трамптың Ресей туралы саясаты тұрақтанғанша жалғасын табады. Оған дейін Ресей нақты қадамдарға баруы да ғажап емес.
Украина мәселесі одан ары Батыс пен Ресей қарым-қатынасын жақсартудағы басты кедергі болып қала береді. Украина мәселесі: Қырым және Украина шығысы – қолдан жасалған Ресей мен Батыс елдерінің қайшылығы. Әсіресе, Қырым мәселесі шешім табу жолы тұйыққа тірелген мәселе. Ұзақ уақыт өңірлік тірес алаңы болып сақталмақ. Кремль өкілі Песков Business Consulting телеарнасына берген сұхбатында: «Тек, эмоциялар мен идеологиялар арқылы Украина мәселесі болашақта біртіндеп басылады», – деген көзқарасын айтқан болатын. Демек, Украинаны қорғап, "жаны қалмай шырылдаған" Батыс елдері де, Ресей де Украина мәселесінің жалғасуы арқылы "екі алып биге шығу" ойынын ойнағысы келеді.
“The Qazaq Times”