Біріккен Корольдікте мерзімінен бұрын парламенттік сайлауға дайындық басталды, – деп хабарлайды The Guardian.
Лейбористік партияның жетекшісі Джереми Корбиннің айтуынша, премьер-министр Борис Джонсон Брюссельмен ортақ келісімге келе алмауы мүмкін. Сол себепті кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілмек.
Аталған саяси шара биыл 12 желтоқсанда өтеді. Британия премьер-министрі Борис Джонның айтуынша, саяси дағдарыстан алып шығудың бірден бір жолы – мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу. Сонымен қатар, сайлаудан кейін Біріккен Корольдіктің Еуропалық одақпен Brexit келісімі төңірегіндегі дау және Солтүстік Ирландиямен шекара мәселесі де шешім табады.
Ұлыбритания ЕО-дан биыл 29 наурызда, яғни қауымдастықтан шығу туралы жазбаша хабарлама берілгеннен кейін екі жыл өткен соң кетуі керек еді. Алайда британ Парламенті Қауымдар палатасының депутаттары Брюссель мен бұрынғы премьер-министр Тереза Мэй үкіметі арасында қол жеткізілген Brexit шарттары туралы келісімнің жобасын үш рет кері қайтарған. Нәтижесінде Еуропалық одақ Brexit-ті алдымен сәуір немесе мамырға, содан кейін 31 қазанға бекітуге келісті. Алайда Brexit келісімі кезекті мәрте басқа уақытқа ауыстырылды. Бұл дегеніміз, елде саяси дағдарыстың орын алып жатқанын білдіреді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр