Ресейге қатысты Еуроодаққа мүше елдердің ұстанымы бірдей емес. Бұл туралы ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жаңа Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель El Pais газетіндегі сұхбатында мәлімдеді.
Еуроодақ дипломатиясының басшысы қоғамдастықтың Ресейге қатысты көзқарасына тоқталып өтіп: «Бұл өте даулы мәселе. Кейбір елдер Ресеймен қарым-қатынасты тұрақтандырғысы келмейді, ал басқалары керісінше. Осы ретте Ресейге салынған санкциялар күшін жойматнын да атап өткен жөн», – деді.
Биыл 20 маусымда Еуроодақтың Ресейге енгізген санкциялары қайта қалпына келтірілген болатын. 2014 жылы Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін Мәскеуде еуропалық елдердің өнімдеріне импорттық шектеулер қойылған.
Бұдан бөлек, Еуропалық одақ Керш бұғазында орын алған жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкция енгізуді қарастырған болатын. Ақпанда одақ құрамындағы елдер санкциялық шара аясында жаңа тізімдер жасады. ЕО-ның уақытша төраға қызметін атқарушы, Аустрия сыртқы істер министрі Карин Кнайсль желтоқсанда өтетін саммитте одақ елдерінің басшылары Азовта Украинаның үш әскери кемесін экипажымен қоса басып алғаны үшін Ресейге салынған санкцияларды қатаңдату мәселесін қарастыратынын мәлімдеген. Бұл ұсынысқа Эстония, Польша қолдау білдірсе, Германия мен Франция қарсы шықты. Бірақ, ЕО басшылығы осы уақытқа дейін орын алған жайттардан кейін одақ құрамындағы елдер Мәскеуге қарсы салынатын санкциялық режимді бір ауыздан қолдауы тиіс деп мәлімдеген.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес