Таяу Шығыстағы соғыс аумақтарынан өз азаматтарын елге қайтарған Қазақстанның әрекетіне Еуропарламент қолдау білдірді.
Халықаралық еңбек ұйымының қызметкері Саймон Хиллз: «Қазақстан өкіметінің Сүриядағы шиеленіс аймағында қалған өз азаматтарына қолдау көрсетіп отырғанын және олардың туыстарын отанына қайтару жолдарын іздеп жатқанын білеміз. Өз азаматтарының тағдырына жауапкершілікпен қараған Қазақстаның бұл тәжірибесі біз үшін өте қызық», — дейді.
Өкілдің айтуынша, Еуропалық Одаққа мүше елдердің дені Сүрияға кеткен азаматтарын қайтаруға құлықты емес. Ал қазақстандық тәжірибе еуропалық саясаткерлер мен сарапшылардың қызу талқысына түсіп, үлкен қызығушылық тудырған.
Еске сала кетейік, Жусан операциясы арқылы Сүриядан 595 адам, ал Русафа операциясы барысында Ирактан кәмелетке толмаған 14 бала елге оралғанын. Балалар террорға қатысы үшін сотталған аналарымен бірге қамауда болатын.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?