Грузияда 14 қарашада басталған наразылық акциялары әлі басылған жоқ. Осы аптада үкіметке қарсы ереуілшілерді полиция күшпен таратқан.
Аймақтарда тұрғындардың наразылыққа шығуына 2020 жылғы сайлауға қатысты конституциялық түзетулердің парламент қарауынан өтпеуі түрткі болған. Осыдан кейін жергілікті жұрт парламент үйінің алдына жиналып, үкіметтің отставкаға кетуі мен кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті. Дегенмен, басқарушы партия ымыраға келуден бас тартып, қала көшелері мен Парламент ғимараты маңайын ереуілшілерден тазарту бойынша арнайы операция жүргізуді қолға алды.
Ереуілшілер акцияның бейбіт түрде өтіп жатқанын айтқанмен, полиция оларға қарсы суатқыш қолданды. Бірнеше белсенді уақытша қамауға да алынды. Соған қарамастан, оппозициялық партия өкілдері ереуілді ары қарай да жалғастырмақ
Осыған дейін яғни 21 маусымда Грузияда ірі наразылық шеруі өткен болатын. Халықтың көшеге шығуына парламентаралық ассамблея отырысына Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың қатысуы себеп болған. Гаврилов ассамблеяның президенті екеніне қарамастан, наразылық білдірушілер оның Грузия парламентінде ассамблея отырысын жүргізіп отырғанына наразы болды. Гаврилов Тбилисиге барар сапары алдында Абхазия мен Оңтүстік Осетия Ресейдікі деп есептейтінін айтқан. Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили полицияны наразылық білдірушілерге қосылуға шақырған болатын.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап