Грузия астанасы Тбилисиде жексенбі күні кешкісін демонстранттар мен полиция арасында қақтығыс болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оппозиция жақтастарына қарсы суатқыш, кейбір мәліметтерге қарағанда, көзден жас ағызатын газ қолданған. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Наразылық білдірушілер Орталық сайлак комиссиясы төрағасы отставкаға кетіп, қайтадан парламент сайлауы өткізілсін деп талап етіп жатыр.
Полиция демонстранттар ғимаратты басып кірмек болған соң, күш қолданғанын растады. Бірақ газ шашпадық дейді.
31 қазанда өткен парламент сайлауының ресми қорытындысы бойынша, биліктің "Грузин арманы" партиясы жеңіске жетті. Оппозициялық күштер біріккен Біртұтас ұлттық қозғалыс лидері Михаил Саакашвили сайлау нәтижесі бұрмаланды деп есептейді. Оппозиция өкілдері парламенттегі мандаттарынан бас тартамыз деп мәлімдеді.
Осыған дейін оппозиция лидерлері жексенбі күнге дейін Орталық сайлау комиссиясынан ұсыныстарының орындалуын талап еткен. Бірақ ол орындалмаған соң, ОСК ғимаратына барды. Ол жақтан наразылық білдірушілерді полиция жасағы күтіп алды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті