Ресейге қатысты санкциялар өз күшін жоймайды. Бірақ, «Норманд төрттігі» елдеріне қойылатын бірнеше талаптар бар. Бұл туралы ГФР канцлері Ангела Меркель Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттемен бірлескен баспасөз маслихатында мәлімдеді.
«Бізде ілгерілеу байқалады. Дегенмен, әлі де толыққанды жүзеге аспаған жоспарлар бар. Осы ретте Парижде ресми кездесу ұйымдастырып, мәселелерді реттеуіміз қажет. Ал Ресейге тоқталатын болсақ, санкциялар жойылмайды», – деп атап өтті Меркель.
Осыған дейін Донбасс мәселесінде Германия үкіметі «Штайнмайер формуласы» бойынша бірнеше уағдаластықтарға қол жеткізген. Берлин аталған формуланы «Минск уағдаластықтарын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам» деп есептейді.
Өткен сейсенбіде Донбасстағы қақтығысты реттеу жөніндегі арнайы отырыстың нәтижесі бойынша Ресей өкілі Борис Грызлов барлық қатысушылар Украина заңнамасында бекіту үшін «Штайнмайер формуласы» бойынша әрекет етуге келіскенін хабарлаған. Сонымен қатар, «Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарының ерекше мәртебесі туралы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі» талқыланған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді