Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейдің Сочи қаласына сапарлап барады.
Екі ел басшысы он алтыншы рет ұйымдастырылып отырған «Валдай» халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысады. Шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыс елдерінің рөлін талқылауға арналады. Сонымен қатар, Еуразия кеңістігіндегі ортақ іс-қимылдардың келешегі мен Таяу Шығыс мәселелері қаралады. Пленарлық отырыста Қазақстан мен Ресей басшыларынан бөлек, Әзірбайжан президенті, Иордания Королі және Филиппин президенті сөз сөйлейді. Мәліметтер бойынша, отырыс алаңында президент бірқатар екіжақты кездесу де өткізуі мүмкін.
«Валдай» халықаралық пікірсайыс клубының отырысы 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Биылғы кездесудің тақырыбы – «Шығыс шапағаты және әлемдік саяси құрылым». Панельдік сессия 3 қазанда өтеді, оның тақырыбы – «Әлемдік құрылым: Шығыстың көзқарасы».
Аталған пікірсайыс 2003 жылдан бері халықаралық масштабта ұйымдастырылып келеді. Арнайы форматқа сәйкес, пленарлық сессияға қатысушылар алдымен сөз сөйлейді, содан кейін сарапшылар мен пікірсайыс модераторының сұрақтарына жауап береді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел