Полиция "Астана" алаңын қоршауға алды. Алматы қаласындағы "Астана" алаңын полиция мен арнайы жасақ сарбаздары қоршауға алды.
Бұған дейін экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязов әлеуметтік желілер арқылы халықты 21-ші қыркүйек күні митингіге шығуға шақырған. Кейіннен Бас прокуратура рұқсатсыз митингіге шығу заңға қайшы келетінін ескертіп, халыққа үндеуін жариялаған.
Қазақстанда жыл басынан бері наразылық акциялары ай сайын өтуде. Ақпанда көп балалы аналар митингісінен басталған қарсылық акциялары маусым айында "президент сайлауына наразылық", қыркүйектің басында "Қытай экспанциясына қарсылық" митингілерімен жалғасқан. Былтыр шетелдік сарапшылар Қазақстан мен Ресейде алдағы жылдары әлеуметтік мәселелердің ушығуына байланысты халықтық толқулар жиілейтінін болжаған.