Венесуэла билігі Құрама Штаттарымен дипломатиялық диалог жасауға ниетті, өйткені келіссөздер – елдегі дағдарысты шешудің жалғыз жолы. Бұл туралы Венесуэла СІМ ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында Боливариан Республикасының атқарушы вице-президенті Делси Родригес мәлімдеді.
TeleSUR арнасына сұхбат берген Родригес: «Біз АҚШ-пен байланыс орнатуға үміттенеміз. Қазір Уашингтонның Каракаспен байланысты жаңартып, Николас Мадуро үкісетін қолдаудан басқа амасы қалмады. Себебі, АҚШ пен өзге де Еуропа елдерінің Венесуэла оппозицясына қолдау көрсетіп, легитимді президент сайлау туралы ойлары жүзеге асқан жоқ», – деді.
Сонымен қатар, вице-президент қазіргі уақытта «америкалық әкімшілік венесуэлалықтардың өмір сүруін жақсартуға емес, оппозиция көшбасшысы Хуан Гуайдоны байытуға бағытталған күш-жігерді қолдайтынын» атап өтті.
23 қаңтарда Жоғарғы Сот жойылғаннан кейін Венесуэладағы жағдай шиеленісіп кетті. Сол уақытта Ұлттық ассамблея бақылауындағы оппозицияны басқарған Хуан Гуайдо өзін үкімет басшысы ретінде жариялаған. Оған АҚШ-пен қоса алғанда 50-ден астам мемлекет қолдау көрсетті. Еуропалық одақ Гуайдоны елдің легитимді басшысы ретінде таныды. Ал Қытай мен Ресей билігі қазіргі президент Николас Мадуро үкіметіне сенім білдіріп, АҚШ және Еуропа елдерінің Венесуэла оппозициясына қолдау білдіруін «халықаралық құқықбұзушылық» деп атаған.
Биыл Венесэула ассамблеясы Гуайдоны құқықтық иммунитетінен айыру туралы үкім шығарып, белсенді 15 жылға биліктен аластатылды. Аталған жағдайдан кейін Гуайдо жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбатында «билік қысым көрсетіп, арнайы ұйымдасқан топ қастандық жасамақ» деген. Кейіннен Хуан Гуайдо бастаған оппозициялық топ БҰҰ-дан гуманитарлық көмек сұрап, Норвегиямен арнайы келісімге келетінін хабарлаған болатын. Гуайдоның айтуынша, оның Норвегиямен күш біріктіруі президент пен елдегі билік құрылымдарының ауысуына әкеледі. Егер жоспар тиісінше орындалмаса, Каракаста кезекті мәрте наразылық акциялары орын алуы мүмкін.