Еуропарламент өкілдері Еуропалық орталық банктің президенті болуға Кристин Лагардты лайықты деп таныды.
Reuters агенттігінің мәліметінше, дауыс беру нәтижесінде ұйым парламентінің 394 депутаты қолдап, 206-сы қарсылық білдірген. Тағы 49 депутат қалыс қалды.
Осыған дейін Кристин Лагардтың кандидатурасын Еуропалық орталық банктің директорлар кеңесі бекіткен болатын. Ал оның қазіргі басшысы Марио Драгидің қызмет мерзімі 31 қазанда аяқталады.
Кристин Лагард 2011 жылдың қыркүйегінен бастап Дүниежүзілік валюталық қорды басқарған. Шілдеде Лагард отставкаға кететінін мәлімдеді. Осыдан кейін Еуроодақ көшбасшылары Лагардты Еуропаның Орталық банкінің басқарушы-директоры қызметіне ұсынған болатын. Енді Еуропарламент депутаттарының бұл таңдауы толықтай қолдау тапса, Лагард орталық банкті басқарған алғашқы әйел атанбақ.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр