Түркіменстан аймақтарында жанармай тапшылығы жалғасып жатыр.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, А-92 және А-95 үлгісіндегі бензин тапшы. Кейбір жанармай станцияларынан А-80 бензинін табуға болады. Дизель отыны да тапшы. Үлкен жолдарда көліктер де азайып қалған. Энергоресурстарға бай бұл өлкеде жанармай тапшылығы 2018 жылдың ақпан айында басталды. Бензин қымбаттап, жанармай станцияларында кезек күткендер саны көбейген.

Өткен айда швейцариялық және ауғанстандық кәсіпкерлер Түркіменстанда өндірілген бензинді сатып алып жатқаны хабарланған.

Биыл 20 тамызда түркімен басылымдары елде тәулігіне 500 көлікке қызмет көрсете алатын екі жанармай бекеті салынып жатқанын жазған.

Түркіменстанда мемлекет тарапынан белгіленген А-95 үлгісіндегі бензиннің бір литірі 1,5 манатты, А-80 1,2 манатты және дизель отынының бағасы 1,4 манатты құрайды. Елдің Орталық банкі бекіткен бағамға сәйкес 1 АҚШ доллары 3,5 манатқа тең.

"The Qazaq Times"