7 тамыз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған  Қазақ Тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов Мемлекет басшысына бейресми жаңа қоғамдық бірлестік – «Ақсақалдар сенаты» туралы айтқан. Жастар жылы  құрылған «Ақсақалдар сенаты»-ның мүшелері өздерінің "мол тәжірибесімен" бөліскісі келеді.  

Аталмыш Ақсақалдар сенаты үш адамнан тұрады. Олар: Төре­гел­ді Шарманов, Олжас Сүлей­мен­ов және Мұрат Әуезов.

Академик Төрегелді Шарма­нов­тың айтуынша, ол «Біз жасы ұлғай­ған, өмірлік тәжіри­бесі мол адамдар ретінде Ақса­қал­дар сена­тын құрып, елімізде болып жат­қан түрлі жағдай­лардың мән-мағынасын ұғып-білуге өз ақыл-кеңесімізді бергіміз келеді. Қан­дай­да бір түйткілдер пайда болған кезде қоғамда белгілі бір пікір­лер­дің ығында кетіп қалушылық  болмай тұрмайды. Ал ол мораль­дық тұрғыдан өте зиянды», – деген.

Академик Төрегелді Шарманов Мемлекет басшысы Тоқаевтың қабылдауында . 7 тамыз 2019 жыл. Фото: abai.kz

Хандық дәуір тұсындағы билер институтының біздегі жұмысы мазмұндық тұрғыда тоқтаған. Қазақстан билігінің жиі сынға ілігуі мен сылбыр қозғалысы, басшылық лауазымдағылардың жиі жемқорлықпен істі болып, қамалуы... бәлкім шенділердің ұзақ мерзімге отырып қалуынан болар. М.Мағауинді сыйдырмай, бездірген былғанған кеңістік тартысқа толы. Мәселе қарияларымызды құрметтеуде емес, олардың ешбір өзгеріске мұрындық бола алмай, кейінгілердің алдында ұятқа қалмауында. Әйтпесе, бұл қазақтың орынтағына кімдер келіп, кім кетпеген дейсіз. Алтынбек пен Заманбектердей арыстар отырған мансап бәрінен қалған.

Алашапанды көрші өзбек жұртының әр ауылында «махалла кеңесі» бар, «аталар сөзі – ақылдың көзі» деген идеямен әлеуметтік-қоғамдық мәселелерде мүмкіндігінше жөн нұсқап, қоғам өміріне белсенді араласып отырады. Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, сенат деңгейінде жаңа бірлестік құрудың қажеті шамалы.

Белгілі журналист Нұргелді Әбдіғаниұлы Қазақстанның қартстанға айналып бара жатқанына алаңдаушылық танытып, мұндай кеңестің қажеттілігі қаншалықты деген мәселе көтерген. «Жер митингісі, саяси митингілер, аналар көтерілісі, сайлаудан кейінгі саяси дискуссиялар т.б. секілді елішілік ең актуалды мәселелерге жарытып жақ ашпаған, әйтпесе, ашпайтын жалтақшыл қариялардың кеңес құрып, кемеңгерсуінің қажеті қанша?», – деген Н.Әбдіғаниұлы, билік пен президент айналасында онсыз да ақыл айтарлық ақсақалдардың жеткіліктілігін айтады. Оның қысабынша, Парламент Сенатының бір өзінде  60-тан 79 жасқа дейінгі 20 шақты алпыстан асқан сенатор-депутат бар. Ал Парламент Мәжіліс палатасында 61-ден 82 жас аралығындағы 32 депутат бар екен. Қызық! Осындай көрсеткішпен журналист Қазақстан дәл қазір қариялар кеңесіне мұқтаж болуы мүмкін емес дейді.

Бұл туралы «жасы 60-тан асқан, немесе 60-қа жеткендердің саясаттағы рөлі – кеңесші ғана», – деп еді аясаткер Дос Көшім.

Нұргелді Әбдіғаниұлының « Халық ескі кадрлардан әбден шаршады. Тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл. Сол 1991 жылдан бастап, күні бүгінге дейін саясатты сеніп тапсыратын бір адам тәрбиелей алмасақ, қалғаны бос сөз!» деген уәжі өзекті, өңеш қаритын қиын мәселенің төбесін аршығандай.

Президент басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 300 кадр резерв дайындаймыз деген көңілге үміт сыйлап, артынан сейілген жобасы да күмәнді, шикі. Олай дейтініміз «Нұр Отанның» «Жас қанатында», өзге де билік құрылымдарында «ләббай, тақсыршылдардан» жасақталуы ықтимал резервтік корпус азаматтық қоғам мен демократиялық принциптердің тезірек аяқтануына кедергі болуы мүмкін. Мемлекеттік қызметке тәуелсіз көзқарастағы «халық мүддесін» басты құндылық ретінде танитын мемлекетшіл азамат келуі тиіс.

2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған сексенге тақаған ақсақал экс-президентіміз 66 жастағы сенімді өкілін президенттікке тағайындады. Тоқаев 9 маусымдағы Сайлаудан кейін президенттікке сайланды. Жастар жылы «Ақсақалдар сенаты» құрылды. Әжем айтпақшы «ақырын берсін», әйтеуір.

Журналист Нұргелді Әбдіғаниұлының дайындаған мемлекеттік кадрлардың жас ерекшеліктері картасы:

Ақорда басшылығы:

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев – 66 жаста,

ПӘ Жетекшісі Қырымбек Көшербаев – 64 жаста,

Президенттің көмекшісі Қалмұханбет Қасымов – 62 жаста,

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев – 79 жаста.

ҚР Үкіметі мүшелері:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев – 66 жаста.

Парламент Сенаты депутаттары:

Құрметті Сенатор – Нұрсұлтан Назарбаев – 79 жаста.

Бекмырза Еламанов – 69 жаста,

Төлеубек Мұқашев – 69 жаста,

Талғат Мұсабаев – 68 жаста,

Марат Тағымов – 67 жаста,

Бақытжан Жұмағұлов – 66 жаста,

Рашит Әкімов – 65 жаста,

Владимир Волков – 64 жаста,

Дәурен Әділбеков – 63 жаста,

Бектас Бекназаров – 63 жасқа толады,

Серік Джақсыбеков – 63 жаста,

Ғұмар Дүйсембаев – 63 жасқа толады,

Мұхтар Жүмағазиев – 63 жасқа толады,

Ерік Сұлтанов – 63 жаста.

Серік Бектұрғанов – 62 жаста (Зейнетке дейін 1 жылы бар),

Мұратбай Жолдасбаев – 62 жаста (Зейнетке дейін 1 жылы бар),

Манап Көбенов – 62 жаста (Зейнетке дейін 1 жылы бар),

Дүйсенғазы Мусин – 62 жаста (Зейнетке дейін 1 жылы бар),

Нұржан Нұрсипатов – 62 жаста (Зейнетке дейін 1 жылы бар),

Мұрат Бақтиярұлы – 61 жаста (Зейнетке дейін 2 жылы бар),

Әлімжан Құртаев – 61 жаста (Зейнетке дейін 2 жылы бар),

Рысқали Әбдікеров – 60 жаста (Зейнетке дейін 3 жылы бар),

Әбдәлі Нұралиев – 60 жаста (Зейнетке дейін 3 жылы бар),

Бақтыбай Шелпеков – 60 жаста (Зейнетке дейін 3 жылы бар).

Парламент Мәжілісі депутаттары:

Владислав Косарев – 82 жаста,

Қуаныш Сұлтанов – 74 жаста,

Тұрғын Сыздықов – 72 жаста,

Бақтықожа Ізмұхамбетов – 71 жаста,

Владимир Божко – 70 жаста,

Қабиболла Жақыпов – 70 жаста,

Гүлжан Қарақұсова – 69 жаста,

Серік Үмбетов – 69 жаста,

Шаймардан Нұрымов – 69 жаста,

Жексенбай Дүйсебаев – 69 жаста,

Сауытбек Әбдірахманов – 68 жаста,

Жанат Жарасов – 68 жаста,

Ахмет Мурадов – 68 жаста,

Абай Тасболатов – 68 жаста,

Бақытжан Ертаев – 67 жаста,

Ерсұлтан Бектұрғанов – 67 жаста,

Асқар Базарбаев – 65 жаста,

Михалил Чирков – 65 жаста,

Галина Баймаханова – 65 жаста,

Роман Ким – 64 жаста,

Омархан Өксікбаев – 64 жаста,

Екатерина Никитинская – 64 жаста,

Майра Айсина – 63 жаста,

Василий Олейник – 63 жаста,

Зәуреш Аманжолова – 63 жаста,

Ирина Аронова – 62 жаста,

Гүлмира Исимбаева – 62 жаста,

Светлана Бычкова – 62 жаста,

Зағипа Балиева – 61 жаста,

Гүлнар Иксанова – 61 жаста,

Құралай Қарекен – 61 жаста,

Татяна Яковлева – 61 жаста.

Облыс басшылары:

Алматы облысы әкімі Амандық Баталов – 67 жаста,

ШҚО әкімі Даниал Ахметов – 65 жаста.

«Ақсақалдар Сенатын» қосыңыз:

Төрегелді Шарманов – 88 жаста,

Олжас Сүлейменов – 83 жаста,

Мұрат Әуезов – 76 жаста.

"The Qazaq Times"