Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа Техас және Огайо штаттарында орын алған қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтып, хат жолдады.
Ол Twitter-дегі парақшасында бұл туралы: «АҚШ үшін осындай қаралы күнде Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысымен бөліседі. Сізге қатты қайғырып көңіл айтамын» деп жазды.
3 тамызда АҚШ-тың Техас штатында болған атыс кезінде кемінде 20 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Оқиға Мексикамен шекаралас аумақтағы Эль-Пасо қаласындағы Walmart дүкені маңында орын алды. Ертесіне Огайо штатындағы Дейтон қаласында тағы да атыс болды. Белгісіз біреу жұртқа оқ жаудырып, кемінде 9 адам қаза тапқан. Он алты адам ауруханаға түскен. Қазіргі уақытта Ақ үйдің қадағалауымен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. АҚШ үкіметі бұл екі оқиғаны жек көру сипатындағы қылмыс ретінде таныды.
Құрама Штаттарында болған қайғылы жағдайдан кейін елдің туы әлем бойынша 8 тамызға дейін түсірілді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді