Аты шулы Усама бен Ладеннің ұлы қайтыс болды.
АҚШ-тың «NBC» телеарнасы «Әл-Қаида» террорлық ұйымының негізін қалаушы Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладеннің көз жұмғандығын хабарлады. Телеарна мәліметінше, Хамза бен Ладен АҚШ әскерилері жүргізген арнайы операция кезінде мерт болған. Бірақ АҚШ билік органдары «Әл-Қаида» лидерінің өлімін растайтын ешқандай құжаттар жарияламады.
Бұған дейін АҚШ Хамза бен Ладенге қатысты ақпарат берген адамға 1 миллион доллар сыйақы беретіндігін айтып, мәлімдеме таратқан. Бұдан бөлек оған қарсы санкция салған.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, Хамза бен Ладен 2015 жылдан бері «Әл-Қаида» террорлық ұйымының қатарында. Ол сол уақыттан бері жақтастарын батыс елдері мен АҚШ-қа қарсы лаңкестік шабуылдар жасауға шақырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?