Құрама Штаттар Венесуэла оппозициясын қолдауға 40 миллионнан астам доллар бөледі. Негізі бұл қаражат Орталық Америкаға гуманитарлық көмек ретінде берілмек.

Халықаралық даму агенттігінің Конгреске жолдаған қызметтік хатын "The Los Angeles Times" газеті жариялады.

Онда "40 миллион доллар оппозиция лидері Хуан Гуайдоның командасына беріледі. Ақша оппозициялық штаб қызметкерлеріне айлық ретінде, іс сапарларына, демократиялық басқару және сайлау кампаниясын жүргізу технологиялары бойынша семинарлар ұйымдастыру үшін жұмсалады" делінген.

​Дональд Трамп және оның ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Жон Болтон Каракастың ресми үкіметін “Николас Мадуроның бұрынғы режимі" деп атайды. АҚШ, Еуропаның көп өлкелері және Латын Америка Гуайдоны Венесуэланың заңды уақытша президенті ретінде таныған. Вашингтон венесуэлалық қашқындарды көрші елдерге жайғастыру бойынша ірі қаражат жұмсады. Венесуэланың АҚШ-тағы консулдықтарында Мадуро тарабынан тағайындаған дипломаттар Гуайдоны жақтағандармен алмастырылып жатыр.

42 миллион долларды Орталық Америкадағы үш өлкенің екеуі – Гватемала мен Гондурас алмақ. Бұл елдерде Құрама Штаттарға кетуді қалайтындар көп. Себебі, өлкеде зорлық-зомбылық кең етек алған.

Вашингтон өткен жылы Орталық Америкаға гуманитарлық жәрдем ретінде 370 миллион доллар бөлген. Дональд Трамп егер жергілікті билік миграция ағымын тоқтатпаса, жәрдем берілмейтінін ескерткен.

"The Qazaq Times"